0:00 / 0:00
Өткен 2017 жылы Шыңғырлау ауданына 865 млн теңге болатын инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда аудан көлемінде 600-ден астам бизнес субъектісі қызмет жасап жатыр. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау палатасында ұйымдастырылған жиын барысында аталмыш ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін қолға алынатын шаралар легі айтылып, бірқатар мәселелер де ортаға салынды.