0:00 / 0:00
Дәл осындай атау алған жоба аясында Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе жастарының күндері өтуде. Негізгі мақсат - ақтөбелік жастардың хал-жағдайын біліп, қоғамдағы рөлін арттыру. Шара барысында 20 ақтөбелік студентке арнайы шәкіртақы берілетіні мәлім болды. Бүгінде өңірдегі 3 жоғарғы білім беретін оқу орнында 700ден астам ақтөбелік жас білім алып жатқан болса, 160-ы биыл оқуын аяқтайды.Көрші облыс әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Мен Ақтөбелікпін» жобасы Оралға бірінші рет келіп отыр. Батыс Қазақстандағы Ақтөбе жастары күндері аясында облыстағы жоғары оқу орындарында арнайы көрме де ұйымдастырылған. Бұнда облыс туралы барлық ақпар қамтылған. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарларламасы аясында «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша Ақтөбеде атқарылған іс мол. Анаға тағзым мүсіні, аналар үйі мен жекпе-жек сарайы да мемлекет бюждетінен емес, ақтөбеліктер қаржысынан салынған. Ауқымды шара соңы ақтөбелік өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды.