Биылғы жылы дерсәнілдер мен қанатты масаларды улау үшін 48 миллион 901 мың теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандары xабарлайды. Қазіргі таңда барлық тендірлік жұмыстар аяқталып, мердігер компания анықталған. Улау жұмыстары екі кезеңде жүзеге аспақ. Бірінші кезеңде дернәсілдерді улайды. Бұл жұмыстар келер аптадан басталмақ. Дернәсілдермен күресу үшін 8 миллион 901 мың теңге қаражат бөлінген. Улау жұмыстарының екінші кезеңі яғни, қанатты масаны улау жұмыстары мамыр мен тамыз айлары атқарылады деп жоспарланып отыр. Масаның көзін жою үшін улау жұмыстары аспалы қол сөмкелердің көмегімен іске аспақ.