0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысындағы 23 медициналық мекеме қағазсыз құжат толтыру жүйесіне көшкен. Сондай мекемелердің бірі - облыстық клиникалық ауруғанаға - облыс басшысы Алтай Көлгінов арнайы бас сұғып, қанатқақты жобаның аяқалысын бақылап қайтты. Қағазсыз құжат толтыру жүйесі облыстық ауруханада бірінші қабаттан-ақ басталады. Тіркелу орнында куәлік арқылы науқастың қай аруханаға тіркелгені анықталып, емделуші туралы дерек автоматты жүйеге енгізілген. Жарақаттану бөліміне келіп түскен науқастардың құжаттары да қағазсыз толтырылады. Емделушінің диагнозы, жасалған оталар мен берілген дәрі-дәрмектердің барлығы да науқастың электронды картасына түседі. Травматолог дәрігердің айтуынша, мұның сапалы медициналық қызмет көрсетуге тигізер пайдасы мол. Жүйенің жетпей тұрғын тұсы - басқа емханалармен байланыс қана. Облыс басшысы клиникалық аурухана дәрігерлерін жаңа мрт құрылғысы сатып алынатынын айтып қуантты. Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы арқылы істен шыққан аппарат жаңасына алмастырылып, шілде айында ауруханға әкелінбек. Облыста тағы бір қанатқақты жүйені іске қосу жоспарлануда. Жаңа жобаға сай ұялы қосымшаның көмегімен өңіріміздің әр тұрғыны кез келген дәрігерге жазыла алады. Айта кетелік, жақын уақытта өңірдің барлық медициналық мекемелері цифрландыру жүйесіне көшпек.