0:00 / 0:00
Биылғы жылы мемлекеттік қызмет саласында екі жүзден астам заң бұзушылық орын алған. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында белгілі болды. Баспасөз мәслихаты барысында ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Болат Исаков 4 мемлекеттік қызметкерге қатысты жауапқа тартылу турасында шешім қабылданғанын жеткізді.