Орал қаласында келер аптадан бастап жаппай құрылыс жұмыстары басталмақ. Спорт алаңқайлары, аула алаңдары мен жолдарды жөндеу жұмыстарының барлығына 7 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржы есебінен 69 көше жөнделмек. Линейная, Жәңгір хан, Автомобилистер, Совесткая мен Круглоозерная, әзірбайжан, Шаған жағалауы көшелерінің жөндеу жұмыстарына биыл біраз ескертпе бар. Шаһар басшысы келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мердігерлердің басын қосып, сапаның басты назарда болатынын тағы бір мәрте еске салды.