Орал қаласында Елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығын шыңдау мақсатында «Жұлдызай» байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Аталмыш сайыс дәстүрлі түрде 13-мәрте ұйымдастырылып отыр. Қам көңіл жандар арасында өтіп жатқан фестивальдің негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Облыс орталығында ұйымдастырылған сайыста 600-ден астам өнерпаз бақ сынапты. Олар алты аталым бойынша саxнада өнерлерін көрсетпек. Облыстық кезеңнен жеңіп шыққан жеңімпаздар бірінші маусымда ұйымдастырылатын «Жұлдызайдың» республикалық кезеңіне жолдама алады.