0:00 / 0:00
Теректі май комбинаты қайта іске қосылды. 2010 жылдан бастауын алған зауыт бұл жылдар аралығында жұмысы тоқырап істен шыға жаздағаны баршағамызға аян. Бүгінгі таңда, май өңдеумен айналысатын зауыт құрылғыларының 70 пайызы жаңартылған. Үш жылдан астам уақытты модернезацияға арнаған зауыттың тауар өндіру қуаттылығы да артыпты.
Бұл - Теректі ауданында бой түзеп, қайта түлеген май комбинаты. Бүгінгі таңда, май өңдейтін зауыт құрылғыларының 70 пайызы жаңартылыпты. Соның арқасында зауыттың май өндіру ісі артқан. Мәселен, өткен жылдары зауыт 24 мың тонна өнім өндірсе, биылғы жылы комбинат 50 мың тоннаға жуық май өндіріпті.
Жаңадан іске қосылған зауытта 105 адам жұмыстанып жатыр. Олардың 70-сі осы Пойма ауылының тұрғындары. Қайта іске қосылған зауытта қызмет жасап жатырған жұмысшылар, жұмыс ұнайды, жалақымызды уақытылы алып отырмыз,- дейді.
Май комбинатының жұмысымен танысу үшін арнайы табан тіреген облыс басшысы зауыттың қызметкелерімен де кездесті. Алтай Сейдірұлы бұл өнідіріс ошағының мән маңызын атап өтіп, қызметкерлерге алғысын білдірді.
Қайта іске қосылған зауыт өнімдерінің сапасы өзгелерден қалыс қалмайды. Себебі, нарық заманында Оралдық май өнімдеріне деген сұраныс басым. Мәселен, Теректі ауданында бой түзеген май комбинатының өнімдері өткен 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап, көрші Өзбекстан, Түрікменстан елдеріне экспорттала бастапты