Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясының жаңадан тағайындалған бас директорын облыс әкімі Алтай Көлгінов қабылдады. Эдвин Блом 1990 жылдан бері «Роял Датч Шелл» компаниясында қызмет еткен. Лауазым иесі мұнай-газ саласында 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек сіңіріп, бірқатар шетел мемлекеттерінде да жұмыс жасаған. Енде Эдвин Блом біздің өңіріміздегі ірі компанияға басшылық ете отырып, облыстағы әлеуметтік нысандарды салу, жол жөндеу сынды өзекті мәселерді де әкімдікпен бірлесе отырып қолға алуды жоспарлауда.
Бүгінде компанияның негізгі жыл сайынғы инвестиция көлемі 600 млн. долларды құрайды. Былтыр рекордтық көрсеткіш - 32 млн.доллар бөлініп, өңірімізде 45 жоба жүзеге асырылды. Енді Эдвин Блом біздің өңіріміздегі ірі компанияға басшылық ете отырып, облыстағы әлеуметтік нысандарды салу, жол жөндеу сынды өзекті мәселерді де әкімдікпен бірлесе отырып қолға алуды жоспарлауда.
Эдвин Блом
"КПО Б.В." бас директоры
Бүгінгі кездесуде облыс әкімі Алтай Сейдірұлымен бұрынғы жобаларды талқылап, келешекке жоспар айтылды. Қолға алынар ірі жобаларға жергілікті халықты жұмылдырғымыз келеді. АЙмаққа байланысты Әлеуметтік жобаларымыз да жоқ емес. өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі 20 млн.доллардан 30 млн.долларға ұлғайды (5 жылға жалпы қосымша сомасы 50 млн.доллар). Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдармен келісу процесінде. Қаражатты жол жөндеу, мектеп, аурухана салуға арнағымыз келеді.
Кездесу соңында облыс әкімі компания бастамалары мен ұсыныстарына әкімдік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.