Себебі мұз қабаты жұқарып, салмақты көтере алмайтындай еріген. Бұл жөнінде ішкі істер органы хабарлап, жағалауларға белгілер орнатып жатыр. Адамдар мен авто көліктердің қозғалысын шектеудегі мақсат-қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұдан өзге су тасқыны шаралары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, тонау, мемлекет пен тұрғындардың жеке мүлкін ұрлаудың жолын кесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.