0:00 / 0:00
Олар мамандардың жетіспеуі салдарынан бірнеше адамның қызметін атқарып, тіпті жұмыстан соң қалуға мәжбүр екендерін айтқан. Бұл мәліметтер мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінен алынып отыр.
Жұмыс уақыты біткен соң да үйлеріне қайтпастан жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің саны біраз болып тұр. Бірнеше маманның орнын басып, 2-3 міндетті қатар атқаратын мамандар осы еңбегі үшін қосымша жалақы алмайды. Соның салдарынан білікті қызметкерлер мемлекеттік қызметтен кетіп жатырғаны жасырын емес.
Жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың басындағы басты мәселелері - жалақының мардымсыздығы. Ал жалғыз адам бірнеше маманның орнын басуға үлгірмей, қажетті құжаттар дер кезінде рәсімделмей қалатын көрінеді. Мемлкеттік қызмет және сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес басқармасы сауалнама нәтижесі алдағы жұмыс пен өзгерістер енгізу кезінде ескерілетінін мәлімдеді.