Төтеншеліктер өзендер мен көлдерде балық аулайтын балықшылар мен жол қысқартам деп мұз арқылы қатынайтын жүргізушілерге сақтық шараларын еске салады. Көктемгі мұздың қалыңдығы жұқа болғандықтан адам салмағын көтере алмай жатады. Бұл өз кезегінде қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Аталмыш жағдайдың алдын -алу үшін сала мамандары түрлі кездесулер ұйымдастырып, мұзға шығуға болмайды деп ескертетін 26 тақтайша орнатыпты.