Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Енді мүгедектік туралы анықтама науқастың қатысуынсыз-ақ рәсімделеді

c 16:20, 02/04/2018 c 1134

0:00 / 0:00

Бүгін осы қанатқақты жобаның аяқ алысын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бағалады. Оралға арнайы іс-сапармен келген билік өкілі өңірдегі медицина саласын ақапараттандыру жұмысына оң бағасын берді. Облысымыздағы денсаулық сақтау саласы өзге өңірлермен салыстырғанда көш бастап тұр. Әсіресе ақпараттандыру және цифрландырумен аймағымыздағы барлық дерлік медициналық мекеме қамтылған. Елімізде алғаш болып қолға алынған тағы бір жоба тек Оралда іске асырылып отыр. Бұл жоба арқылы мүгедектік туралы анықтама алу жеңілдетіліпті. Енді бұл құжат науқастың қатысуынсыз-ақ рәсімделіп, емханадан бірден қажетті мекемеге жіберіледі

Светлана Жақыпова
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Бүгін біз меморандумға қол қоямыз. Осыған сәйкес, батыс қазақстан облысында қолға алынған жобалар мен қызметтер мамыр айынан бастап қанатқақты тәртіпте жұмыс жасай бастайды деген сенімдеміз.

Құжат рәсімдеу ісі бұрындары ұзақ уақыт алған көрінеді. Алдымен науқас емханадан тексерістен өтіп, кейін құжат жинап, сараптамадан өту кезеңі жүреді. Ал енгізілгелі тұрған жаңашыл жүйеде осының бәрі бір жүйеге келтірілген. Ал қанатқақты жоба өзін ақтап, жақсы нәтиже көрсетер болса, еліміздің басқа да өңірлерінде да іске қосылмақ.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.