Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аутизм мәселесі қалай шешілуде?

c 12:51, 02/04/2018 c 922

0:00 / 0:00

Аутизм балаларда ақыл-естің кеш жетілуі, сөйлеуінің кешеуілдеуі түрінде көрініс береді. Бұл ауру асқынған жағдайда бала қатарынан қалып қойғанынан бөлек, көптеген дене және сезім мүшелері жетілмей қалуы мүмкін. Бүгін осы аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында атаулы күнге арналған шара ұйымдастырылып, оған қала әкімінің орынбасары, білім басқармасының мамандары мен ата-аналар қатысты.

Бүгінде облыста алты мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала болса, оның 140 - қа тартасы аутизмге шалдыққан. Осы бүлдіршіндердің 39-ы осы мектепте білім алады. Сала мамандарының айтуынша, олар арнайы білім әдісімен оқытылады. Аурудың түбін үзу қиын болғанымен, ерте жастан емделсе, баланы мектеп жасына дейін емдеу мүмкіндігі бар көрінеді. Осылайша, олар да басқа балалар секілді оқып, жазып, сөйлеп үйренеді.

Айта кетелік, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы арнайы қарар бекітіп, аутизмге шалдыққандарға қоғамның назарын аударуды ұсынған болатын. Содан бері қоғамда аутизм жайлы мәлімет таратуға зор мүмкіндік беріліп келеді.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.