Бұл жөнінде шаһар басшысы мәлімдеді. Орал қаласында шатырдан құлаған мұз астында қалған азаматтың мерт болу фактісіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, ғимарат маңы қоршауға алынған. Бірақ марқұм оған қарамастан тіке жолмен жүрмек болған. Басы жарылып, мойын омыртқасы сынған 70 жастағы ер адамды жедел жәрдем қызметі құтқара алмады. Денсаулық сақтау басқармасы қалада тағы 2 адам осындай төбедегі мұз сүңгіснен зардап шегіп, ауруханада жатқанын мәлімдеді.