Оралдық тәртіп сақшылары 32 жеңіл жүрісті қызды құрықтады. Олардың 13 полиция есебінде мүлдем тұрмаған болса, біреуі кәмелет жасына толмаған болып шықты. Олар облыс аумағында өткен «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы барысында анықтылып отыр. Полиция қызметкерлері «Каприз», «Жаным», «Шипагер», «Жадыра», «Акватория», Деповская» сауналарын тексеріп, ақылы жыныстық қызмет ұсынған 32 азаматшаны осылайша құрықтапты. Бұдан бөлек, шара барысында екі жеңгетайлық фактісі мен бас бостандығынан заңсыз айыру жағдайлары да анықталған.