Алдағы тәулікте өңірімізде ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Түнде ауа температурасы 5-10 нөлден төмен градус болса, күндіз 0-5 градус жылы болмақ. Алайда, 28-шы наурыз күні облыс аумағында жаңбыр жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Бірнеше жылғы дерекке көз жүгіртсек, 26-шы наурызда ең салқын күн 1911 жылы тіркеліпті. Сол кезде ауа температурасы минус 27 градусты құраған. Ал, ең жылы ауа- райы 2008 жылы орын алған көрінеді. 2008 жылдың 26-наурызында сынап бағанасы 21 градус жылылықты көрсеткен.