32 жастағы мектеп мұғалімі 23-наурыз күні қолға түскен. Ол №3 жалпы орта білім беретін мектепте дене тəрбиесінен сабақ берген. Күдіктіден 5,04 грамм марихуана тəркіленіпті. Мұғалімді ұстау үшін арнайы сатып алушы жіберілген. Нəтижесінде ол өз үйінде тұтқынға алынып отыр. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 297 бабы, 1 тармағы бойынша іс қозғалады.