0:00 / 0:00
Қазақта жеңге - қайынсіңлілеріне үлгі болар қадірлі жан. Атадан балаға жеткен осы мұраны насихаттап, отбасы мәртебесін нығайту мақсатында облыс орталығында «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атты ерекше байқау өтті.
Сайыс ең алдымен қолөнер бұйымдарының таныстырылымынан басталды. Үміткерлер өз қолдарынан шыққан туындыларын әділқазыларға паш етіп, өнерлерімен таң қалдырып жатты.
Байқаудың бірлігіміз жарасқан, өнерліге өріс кең атты кезеңдерінде де қатысушылар бар өнерлерін ортаға салды. Әр үміткер өзін ерекше таныстырып, көрермен назарына ілігуге тырысты.
Ал байқау соңында үздік танылған жеңімпаздар марапатталып, алғыс xаттар табысталды.