Батыс Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуге қабылдау жүруде. Наурыздың онынан басталған өтініштерді қабылдау жұмыстары мамырдың онына дейін жалғаспақ. Ал тестілеу жұмыстары маусым айының 20-сынан 1 шілдеге дейінгі аралықта өткізіледі. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, 11 сынып оқушылары ҰБТ-дан ат тонын ала қашпайтын көрінеді. Керісінше, былтыр оқушылардың 68 пайызы білімін осылай сынамаққа бел байлапты. Айта кетелік, биыл Ұлттық біріңғай тестілеу форматы өзгеріссіз қалды.