0:00 / 0:00
Көлік жүргізушілері арнамызға осындай арыз-шағымдарын жеткізіп отыр. БҚО-ның тас жолдарын қардан аршумен қандай кәсіпорын айналысады? Жолдағы қауіпсіздік қаншалықты қамтылған?
Тасбақадай ілбіп, әрең қозғаламыз деп шағымданған тұрғындар, тас жолдарды аршуды, көктайғақтың бетін қайтаруды өтініп сұрап отыр. Мерекелік демалыста соққан бұрқасын боранда облыста Атырау мен Тасқала бағытындағы тас жолдар жабылған болатын. Үнемі сапарда көлік тізгінінде жүретін Роман Логвиненконың айтуынша, Тасқала тас жолының жағдайы жүргізушілерге қиындық туғызып отыр.
Бұл жолда көктайғақ пен бораннан соң жолға табан тірей алмаған көлік жиекке ұшып түсіп, апатты жағдайға тап болған болатын. Оқиға "Орал-Атырау" тас жолында болған. Жүргізушілер бұған жолдың тазаланбауы себеп болды деп есептейді.
Айта кетейік, "Орал-Тасқала-Ресей" шекарасы тас жолы әлі толықтай қолданысқа берілмеген болатын. Сол себепті бір бөлігінде "Юнисерв" компаниясы қызмет көрсетеді. Қалған тас жолдардың жағдайы "Қазавтожол" АҚ ұлттық кәсіпорны БҚОФ-ның міндетінде.
Жол бойындағы ауа райы қолайсыздығынан туындаған келеңсіздіктерді қызмет көрсетуші кәсіпорын аз уақытта жою үшін шара қолданып жатырғанын хабарлады.