0:00 / 0:00
Оқиға орында 1 адам көз жұмып, бірнеше жан зардап шекті. Осыған дейінгі орын алған қайғылы жайттар жүргізушілерге сабақ болмай тұр. Облыста қоғамдық көліктердің қатысымен тіркелетін жол апаттары күрт артуда.
Жолаушылар мінген автобус Рубежинское ауылынан қалаға қарай бет алған екен. Жүргізуші берген мәліметке жүгінсек, көлікте 15 жолаушы болған. Көліктер тізбегінен кенеттен қарсы бағытқа шығып кеткен "Фольсваген-Пассат" маркілі темір тұлпар қатты соққы жасайды. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Алдын ала берілген ақпаратта оның жиырма жасар азамат екені айтылған.
Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жедел жетіп, тексерісті қолға алды. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша 3 адам зардап шеккен.
Естеріңізге сала кетейік, осы "Орал-Трекино" ауылы бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты бұрын да тіркелген болатын. 1 ақпан күні жүк көлігімен автобус түйісіп, 2 адам мерт болған еді және 2 адам жарақат алған болатын.