0:00 / 0:00
Жалғыз басты әкенің жанайқайы! Орал қаласында 4 бала тәрбиелеп отырған әке балаларының болашағы үшін алаңдаулы. Аядай бөлмеде тіршілік етіп жатырған отбасыға бұл үйшікті отағасы Еслям Айтмабетовке жұмыс беруші жалақының орнына тегін беріп отыр. Ал аналары осыдан 2 жыл бұрын балалары мен күйеуін тастап кеткен.
Аядай бөлмеде бойжетіп келе жатқан қыз бала 13 жасар Эльнара, 14 жастағы ағасы Ілияс, 7 жастағы бауыры Мирас пен 4 жастағы кішкентай Эмилия әкесімен және әжесімен тұрып жатыр. 3 бала нөмірі 3-мектепке оқиды, кішкентай балабақшада. Әкелері Еслям Айтмабетов жұмыс жасап жүрген жиһаз фабрикасынан жалақы алмайды. Оның орнына шағын үйшікті балаларымен тегін паналап отыр.
Осыдан 2 жыл бұрын отанасы бір жарым жастағы кішкентай сәбиі мен мен балаларын және жарын тастап, басқа азаматқа тұрмысқа шығыпты. Содан бері оны отбасы мүшелерінің ешқайсысы көрмеген. Тіпті қоңырау шалып балаларының халін де білмеген. Естулерінше, жаңа күйеуінен бала тауып, түтін түтетіп отырған көрінеді.
Ұлын келіні тастап кеткені жөнінде естіген Самиға апа немерелерін бағу үшін осында көшіп келген. Тамақ пісіріп, кір жуу, балалар күтімі зейнеткердің мойнына артылған.
Осы отбасының жағдайы жөнінде БАҚ бетінде ақпараттың жария болуы қайырымды жандардарды бей-жәй қалдырмаған. Тіпті оларға баспана мәселесін шешу мәселесін қарастырғандар болған. Бірақ әзірге өзгеріс бола қойған жоқ. Еслям Айтмабетов 4 жылдан бері үй кезегінде тұр. Анасын сағынып, күн сайын есікке көз тігіп телмірген балалардың да арманы кеңірек үйге көшу.