0:00 / 0:00
Ықсанов көшесінің бойында ауыл шаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталмыш шараға облысымыздың 4 ауданы мен Орал қаласының 25 кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынған. Ауа температурасының сынап бағанасы 20 градус нөлден төмен болса да, арнайылап жәрмеңкеге келген қала тұрғындарының қарасы қалың болыпты. Биылғы жылдың ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылған алғашқы жәрмеңкеде ет өнімдеріне басымдылық берілген.