0:00 / 0:00
Қауіп-қатер қайдан деуге болмайды, күн райы бір сәтте жылынса қар еріп, Жайықтың көтерілуі деген қас пен көздің арасындай. Су көтерілсе алдымен осы саяжай суға кетеді. Оқиға орнына әдеттегідей, алдымен төтеншеліктер, құтқарушылар, жедел жәрдем машинасы және полиция қызметкерлері келеді. Тұрғындар төтеншеліктердің ескертпесіне құлақ түргені абзал, себебі ескертуге құлақ аспаудың соңы жақсылыққа апармайды.
Жаман айтпай жақсы жоқ, егер саяжайды су баса қалса тұрғындар дереу қолдарына құжаттары мен керек-жарағын алып, осы жердегі көліктерге жиналулары қажет.Бұл бірінші кезекте жасалуы тиіс әрекет, ал қалғанын төтеншеліктер өздері реттейді. Төтеншеліктер мен полиция қызметкрелері саяжайдың әр тұрғынымен кездесіп, тіпті бала шағаға дейін ұстап алып қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, суға кете қалған жағдайда жасалуы керек амалдарды үйретті.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп өткізген жұмыс барысында әр тұрғынның үйіне бас сұғылып, ескертпе парақтары таратылды.Бұл жұмыстарға ерікті жастар да тартылған.Ал, саяжайды мекендеген тұрғындар болса барар жеріміз, басар тауымыз жоқ, біз бұл жерден кетпейміз десіп отыр.
Бұл шараның мақсаты халықты қорқыту емес, әзірге Жайық тыныш, себебі күн райы бері қарай қойған жоқ, дегенмен айтпай келетін жамандықтардан сақтанып отыру әр адамның міндеті, төтеншеліктер саяжай тұрғындарын жинақы болуға шақырады, бұл деген сөз қымбат жихаздарды қауіпсіз жерлерге орналастырып, үйдің ішін реттеп,құжаттарды қажетті заттарды жинақтап ұстап отыруға шақырады.