0:00 / 0:00
Оралда белгісіз тұлғалар ресейлік нөмірлері бар көліктерге тексерістің күшейгенін айтып, оларды сатып алмауға үгіттеуде. Әлеуметтік желілерде тараған хабарға сүйенсек, бұндай көліктің құжаты болмаған жағдайда 57 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл да салынады екен. Тіпті наурыз айынан бастап тәртіп сақшылары бұлармен нақтылап айналысады мыс. Ақпарат шындыққа жанаса ма? Ресейлік көліктерге жерлестеріміз неге құмар?
Бұндай аудиожазбаның әлеуметтік желілерде тарағанына біраз болды. Бұндағы ақпарға сенсек, есепте жоқ ресейлік нөмірлі көліктерге шындап тексеріс басталмақ. Ал көліктің қандай да бір құжаты болмаған жағдайда 57 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады екен. Бұндай ақпаратқа осындай көлік айдап жүрген жүргізушілердің тіксіне қарағандары рас. Алайда, мәлімет шындыққа жанаса ма? Жүргізушілер бұған неге алаңдайды?
Динара Абдулхалықова
Орал қ. ІІБ аға инспекторы
Аудожазбадағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біздер рейдтік шаралар ұйымдастырсақ, бұл ең алдымен мына жағдайға байланысты болады. Мәселен, сіз автобазарға барсаңыз, сізге ресейлік нөмірі бар көлікті сатқан адам әкімшілік тәртіп бұзушылыққа мүлем жауап бермейтініңізді бірден айтады. Зияткерлік көше қиылыстарында да, бейнебақылау камераларында да тәртіп бұзушыны табу мүмкін емес деген де пікірлер бар. Бірақ бұл да олай емес. 20-30даған ереже бұзған жүргізушілер қандай жағдайда да табылады. Біз оларды тауып, жауапкершілікке тартамыз
Тәртіп сақшыларының айтуынша, Оралдағы ресейлік нөмірлі көліктердің көбі ресей федерациясында жойылуға жіберілген көліктер екен. Яғни олар көрші елде де, біздің елде де есепте жоқ. Онлай көліктерді тек қосалқы бөлшекке сатуға ғана рұқсат бар. Десе де, жүргізушілер ондай көлікті заңды белшесінен басып, , тәртіп бұзу үшін алмағандарын айтады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, айып тұрағына қойылған бұндай көліктен тек қосалқы бөлшекке сату арқылы ғана пайда көруге болады. Себебі есепке алынбаған көліктер айдауға келмейді.