Еліміздің тас жолдарында 1-наурыздан бастап ауыр жүк тасымалына шектеу қойылады. Бұл шектеу өңірімізде 23-наурыздан басталмақ. Бұл уақытша шектеулердің жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдайтын автокөлік құралдарына, төтенше жағдайды алдын алу және жою шараларына, зардап шеккендерге гуманитарлық көмекке, азық-түлік пен жолаушыларды және медикаменттерді тасымалдауға, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына қатысы жоқ. Сала мамандары жоғарыда аталған жүк көліктерінен өзге жүк көлігін тізгіндеген жүргізушілер заң талаптарын аяқ аясты қылған жағдайда, олар әкімшілік жазаға тартылады,- дейді.