Қилы заманда қазақ халқының бауырмалдылығы мен өзге ұлтқа деген жанашырлығының арқасында тағдырдың тауқыметін тартып келген мыңдаған адам аман қалып, бүгінде бақытты өмір сүріп жатыр. Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде 1-наурыз "Алғыс айту" күні болып тойланып өтеді. Аталмыш мерекеге орай өңірімізде өмір сүретін өзге этнос өкілдері қазақ халқына деген ризашылықтарын білдіріп, бір -біріне алғыс айтуда. Облыс орталығындағы "Алғыс айту" күніне арналған мерекелік шара "Қазақ халқына мың алғыс" атты монументке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шараға түрлі этно-мәдени бірлестік төрағалары мен жастар қатынасты.