Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеп отыр. Суық күнде ұзақ жүріп, үсікке шалынғандардың арасында балалар көп. Дәрігерлер аталмыш жағдайда бірнеше адамның дене мүшесіне ампутация жасауға мәжбүр болған. Әсіресе саршұнақ аязда адамның саусақтары мен өкшелері, аяқ сүйектері тоңуға бейім келетіндіктен тез үсіп кететін көрінеді. Осы орайда ақ халаттылар құбылмалы ауа райында сақ болу қажетін қатаң ескертеді.