Биылғы жылы Ұлы Отан соғысында елін жаудан қорғаған ардагерлер, соғыс шебінде қаза тапқан жандардың жесірлері, Ленинград блакадасы мен тыл ардагерлеріне 9-шы мамыр қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем қарастырылған. Яғни, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен көзге түске батырлар мен соғыс шебінде мүгедек атанған жандар 150 мың теңге, ал соғыс даласында ерлікпен көз жұмған батырлардың жесірлері-15 мың теңге, түрлі қызметте аянбай еңбектенген тыл ардагерлері де 15 мың теңге көлемінде өтемақы төленбек. Сонымен қатар, бейбіт күнде тұрғындардың қауіпсіздігін қорғау жолында қаза тапқан жандардың жанұялары да 20 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік төлемге қол жеткізетін болады.