0:00 / 0:00
Зашаған кентінде өткен жылы мыңға тарта қылмыс тіркелген. Оның 70 пайызы ашылып үлгергенімен, ұрлық әрекеттері толастар емес. Алайда тәртіп сақшылары бұл кентте учаскелік полицейлердің жеткіліксіз екендігін айтып дабыл қағуда. Бір учаскелік қызметкерге бүгінде 5500 тұрғыннан келеді, алайда норма бойынша бұл көрсеткіш 2 мыңнан аспауы қажет.