Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500дей киік атқан броконьерлерге үкім шықты

c 16:18, 20/02/2018 c 905

Оралда алты бірдей броконьерге сот үкімі шықты. Іс материалдарына сүйенсек, «Охотозоопром» мекемесінің қызметкері Нұрғазы Садықов 2016 жылдың наурыз айында өз лауызымын асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Атқаратын қызметтерін өзара бөлісіп алған олар кейін киіктерді ата бастаған. Негізінен ақбөкендердің сирек түріне көздері түсіпті. Осылайша 2016 жылдың сәуірінен 2017 жылдың маусымына дейін 492 киік атқан көрінеді. Осының нәтижесінде мемлекетке келген шығын 745 млн теңгені құрап отыр. Күдіктілердің қылмысын дәлелдеуге арналған дәйектер жетерлік. Сонымен, Садықов 8 жыл, оның 4 сыбайласы 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал Дисингалиев 2 жылға темір торға тоғытылмақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.