Биылғы жылы "Депо" көпірінің құрылысы аяқталғаннан соң, "Омега" көпірі күрделі жөндеуге жабылмақ. Бүгінгі таңда, көпірдің жобалық құжаттары даярланып жатыр. Заң талаптары бойынша көпірді қайта жөндеу туралы жобаның барлық құжаттары сегіз айдың көлемінде жасақталуы тиіс. Сала мамандары мердігер компанияның сәуір айына дейін құжаттарды дайындауы тиіс дейді. Келешекте "Омега" көпірінің ұзындығы сол қалпында қала бермек. Алайда, көпірдің ені екі есе кеңейтілмек. Сондай-ақ, биылғы жылы 24 көшенің жолы күрделі жөндеу көрмек.