6 баласы бар ана облыс əкімінен көмек сұрады. Саяжайды жалға алып тұрып жатқан отбасының жағдайы қиын. Балалары аурушаң, ішер ас, киер киімге жарымайды. Абырой болғанда ерікті белсенділер отбасыға қамқорлық көрсетіп, аш қалдырмас үшін қолдан келгенше жəрдемдесіп келеді. Екатерина Скворцованың сұрағына жауап қатқан Алтай Сейдірұлы есептік кездесуден соң отбасын жеке қабылдауға уəде етті.