0:00 / 0:00
Қазір осы жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы да аталмыш жобаға байқау жарияланған болатын. Алайда мердігерлер төленетін қаражатқа көңілі толмағандықтан жұмыс басталмаған. Бұл жөнінде жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі хабарлады.
Қаңтар айында жаяу жүргіншілердің қатысымен 11 жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 2 адам мерт болып, 9 адам дене жарақаттарын алған. Жаяу жүргінші алдын алу шарасы кезінде жол бойындағы қауіпсіздік күшейтіліп отыр. 2 күннің ішінде қалада 100-ге тарта хаттама толтырылған. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерге 90 хаттама толтырылыпты.
Жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпсіз жол- аспалы өткелдер болмақ. Бірақ қалада бұл жоба әлі күнге жүзеге аспай отыр. Аспалы өткелдер пайда болған соң автокөліктерге жаяу адамды өткізу үшін аялдаудың қажеті болмайды. Жоспар бойынша қалада 2 өткел жол пайда болуы тиіс. Оның бірінің бағасы-1,5 млн теңгеге бағаланып, мердігерлер жобаны атқарудан бас тартқан. Себебі олардың есептеуінше өткелдің құны әлдеқайда қымбатқа түсуі тиіс екенін мәлімдепті.