Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлық - жегі құрт

c 18:53, 14/02/2018 c 1067

0:00 / 0:00

Бүгін облыстық маслихаттың кіші залында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасын қоғамдық талқылау ұйымдастырылды. Талқылауға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау орындарының, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылып, отырыс барысында сыйбайлас жемқорлықтың қайткенде алдын аламыз деген тақырыпты біріге талқылады.
Бүгінгі таңда еліміз үшін еңсеруі қиын белес болып отырған бір дерт сыбайлас жемқорлық екендігін бүгіл қоғам біледі. Сарапшылар сыбайлас жемқорлықпен күресте еліміздің көрсеткіші жылдан-жылға жақсарып келе жатыр деп көңілімізді өсіргенмен, індеттің тамырына біржола балта шаппай, қоғам алға баспайды. Бүгін жауапты мамандардың қолға алуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасын қоғамдық талқылау ұйымдастырылды. Жиынға шақырылған мемелекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жемқорлық төңірегінде өз көкейлеріндегі ойларын ортаға салып, ұлттық баяндама жобасына өздерінің де алып-қосарларын жасырмады.

Әлия Салиева
Орал қалалық маслихатының депутаты
Жобаны толық оқып шықтым. Әрине, біз жемқорлықпен күресте соңынан жасалған іске өкініп бармақ тістегеннен гөрі оның алдын алып, ағартушылық жұмыстарын көптеп жүргізуіміз керек. Осы жағынан көптеп көңіл бөлінген. Иә, қазір жемқорлыққа қатысты жаза да әртүрлі. Мәселен, бірі ұзақ уақытқа абақтыға қамалса, бірі ақшаны қайтарып босап шығып жатыр дегендей. сондықтан бұл жобаны әлі де әлеуметтің, қоғамның талқылауына ұсынып бірігіп қарауымыз керек.

Өз кезгінде, бізде жемқорларлықпен қалай күресуіміз керек екендігін әлеуметтен де сұрап көргенбіз.
Жемқорлыққа жол бергендердің ішінде мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалармен қатар, қазір көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөлінген жандар да ілігуде. Сондықтан оларды жазаға тарту мәселесіне келгенде қоғамның да пікірі бөлінуде. Ал жемқорлықпен күрес - тек құқық қорғау орындарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.