0:00 / 0:00
Алда көктем келеді. Төбені басқан қалың қар еріп, жауын жауса, ескі үйлердің жағдайлары қиындары анық. Сол себепті қазір тұрғын үйлердің шұрқ тесік шатырларын бүтіндеуге ерекше көңіл бөлініп отыр.
4 подъезді, 5 қабатты тұрғын үйді келісім шарт бойынша жаңғырту құны 14 млн. теңгені құрап отыр. Тұрғындар шатырымыз жаңаланса, тамшыдан құтылатын болдық деп қуанып жүр. Облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің тең жартысына дерлігі жөндеу мен жаңғыртуды талап етеді.
"Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасы тұрғындарға өз беттерімен жөндеу жасағаннан гөрі қалталарына түсетін салмақтың аздығымен тиімді. Қазір бұл бағытта мердігерлерге қойылатын талап күшейтілген.