"Жігер" атты домбырашылар сайысына 30дан астам оқушылар белсене қатысуда. Биыл екінші рет ұйымдастырылған жарыс Құрманғазының 195 жылдығына орайластырылған. Домбыраның құлағында ойнайтын күйшілер төл өнеріміздің озық үлгілерін осылайша насихаттамақ. Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасымен үйлесім тапқан өнер додасы тартысты өтпек.