Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есепке сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша "туберкулездің таралуы" факторы бойынша 138 елдің ішінен 90-орын алып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш жаман емес. Десе де бұны одан әрі жалғастыруға болады. Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеген. АИТВ (ВИЧ) көрсеткіші де қазақстандықтар арасында 0,2 пайызды құраған. Эпидемиолог мамандар бұл вирустардың кәсіпкерлік саласына әсерінің жоқтығын алға тартады