Жолаушылардың көптеген сұранысы бойынша осындай шешім қарастырылып жатыр. Қазір жолаушы көлігі темір жол вокзалы мен алтыншы шағын аудан аралығында қатынайды. Егер сұраныс құп алынса, маршрут ішкі істер департаментіне аялдауы мүмкін. Қоғамдық көлік сұлбасы 2017-жылдың 4-желтоқсанында өзгерген болатын. Бұл жөнінде Орал қалалық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Айдар Менеев хабарлады.