0:00 / 0:00
Екатерина Скворцованың балаларының ең үлкені 5 жаста. Араларында 1 жас қана айырмашылық бүлдіршіндердің екеуі қыз, төртеуі ұл. Ең кішісі егіздер. Азаматша балалар үйінің түлегі. Бала тəрбиесіне байланысты жұмысқа шығуға мүмкіндігі жоқ. Қаладан шалғай жатқан саяжайды сəби күтіміне байланысты төленетін ақшасына жалға алып отыр. Құрқылтайдың ұясындай баспананы от жағып жылытады. Кішкентайлардың тамағы мен қажеттілігін қамти алмай қиналған ананың пəтерінде санитарлық тазалық сақталмаған. Азаматша қайырымды жандардың көмегіне зəру.