Тасқала ауданындағы электр желілерінің 80% тозған. Бұл туралы өзінің есеп беру кездесуінде аудан басшысы мәлімдеді. Сондай-ақ өңірде ғаламтор жүйесі де көңіл көншітпейді. Аудан тұрғындары мәдениет үйі мен аудандық колледжге күрделі жөндеу жұмыстары қажет екендігін жасырмай айтты. Сондай-ақ бүгінде бұл елді-мекенге дәрігер мамандар да жеткіліксіз. Мерей, Мереке, Оян ауылына және аудан орталығына жедел жәрдем көлігі қажет. Осы және өзге де қиындықтар қазірдің өзінде жергілікті билік бақылауына алынған. Жақында аудандағы 4 мектептің жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.