Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазтест сынағы басталды

c 11:02, 05/02/2018 c 954

0:00 / 0:00

Мемлекеттік тілді әрбір азамат меңгеруі тиіс. Батыс өңірінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала өкілдері мен өзге де ұйым қызметкерлері Қазтест жүйесінде сынақ тапсыруда. Тестте халықаралық жобалардың талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгерудің 5 деңгейі енгізілген. Қарапайымнан, жоғары деңгейге дейінгі деңгейлер арқылы тест тапсырушылар өзінің мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білетіндігін анықтай алады. Биыл бұл тесттен батыс өңірінде 7 мың азамат өтпек. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де, құқық қорғау органдары өкілдері мен өзге де сала мамандары бар. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі қажет. Десе де, бұл қазтесттен өтпегендер жұмыстан шығарылады дегенді білдірмейді. Былтыр осы тесттен 300ге тарта қызметкер өте алмай қалған. Оларға бұдан кейін де тестті бірнеше мәрте тапсыруға мүмкіндік беріледі екен.
Тест тапсырушылар 4 бөлік бойынша тілдік білімін сынауда. Тыңдалым, жазылым, лексика-грамматикалық құрылым және оқылым ерекшелігіне байланысты тапсырма да алуан түрлі болады. «Осы талаптардан сүрінбей өткендер ғана өзінің қазақ тілін жоғары деңгейде білетіндігін дәлелдей алады», - дейді тіл мамандары.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.