«Еуразия» туристік кешенінде «Жас құтқарушы – 2025» облыстық слетінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Үш күнге созылған шараға Батыс Қазақстан облысының әр түкпірінен 100-ден астам жасөспірім қатысып, төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындықтарын көрсетті.
Слетті ұйымдастыруға Қазақстанның демократиялық партиясы «AQ JOL» Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті қолдау көрсетті. Партия өкілдері жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыстап, жастарды қолдауға және өңірдегі болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге өз үлестерін қосты.
Слет бағдарламасына алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт пен су тасқыны кезіндегі іс-әрекет, құтқару операцияларын орындау, сондай-ақ туристік бағыттар мен альпинизм элементтері енгізілген. Бұл сынақтардан өткен жас құтқарушылардың төзімділігін, командада жұмыс істеу қабілетін және көшбасшылық қасиеттерін шыңдаудағы алғашқы қадамдар дейді құтқарушылар.
Слет қортындысында Орал қаласының командасы бірінші орынды иеленді. Қатысушылар барлық кезеңде жоғары физикалық дайындық пен үйлесімді жұмысты көрсетті.
Екінші және үшінші орындарды Бөрлі және Қаратөбе аудандарының командалары жеңіп алып, табандылық пен кәсіби дайындықтарын дәлелдеді.