Оралдағы №28 қатаң режимдегі колонияда түсірілген видеода сотталған азамат мекеме аумағында жалаңаш күйде жер қазып жатыр. Әлеуметтік желілерде оның киімсіз міндетті жұмысқа шығарылғаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті видеоны растап, сотталған азаматтың абаттандыру жұмыстарына келіспей, наразылық ретінде киімін шешкенін мәлімдеді. Қазір оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.