Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

c 19:00, 15/05 c 2

Халықаралық отбасы күнінорай Орал қаласында Отбасын қолдау орталығы ашылды. Мұнда мұқтаж отбасылар қиын өмірлік жағдайлардан шығу үшін, сондай-ақ құқықтық және басқа да мәселелерді шешуде қажетті көмек пен қолдау ала алады.

Орал қаласында отбасы күні мерекесі қарсаңында Отбасын қолдау орталығы ашылды. Жаңа әлеуметтік нысан қиын жағдайға тап болған жандарға тірек, ал үйлесімділік пен тұрақтылыққа ұмтылған отбасыларға бағыт беруге арналған. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Мұрат Бәйменов қатысты.

Орталық жан-жақты қолдау алуға болатын көпфункционалды алаң ретінде құрылған. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіруден бастап заңгерлік, әлеуметтік және психологиялық көмек беріледі. Дағдарыс жағдайына тап болған отбасыларға да орталықтың есігі ашық. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, ажырасуды бастан кешіп жатқан немесе мамандардың шұғыл араласуын қажет ететіндер жайттар мамандардың араласуымен шешім табады дейді орталық жетекшісі.


Орталық - бұл жай ғана әрекет ету қызметі емес, даму кеңістігі: мұнда тренингтер, профилактикалық іс-шаралар өткізу, жастармен жұмыс істеу және салауатты отбасылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жоспарлануда. Басты мақсат - отбасы институтын нығайту және әрбір мүшесінің өмір сүру сапасын арттыру.

Мұнда түрлі мәселе бойынша кеңес алғысы келетін кез келген отбасы жүгіне алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.