Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Рекламный отдел: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Новости

13:30

Новости

18:30

Новости

21:00

Новости

 ҚУАТЫ 12 МЕГАВАТТ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ТУРБИНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

c 18:18, 05/05 c 2

Облыс орталығындағы жылу электр орталығында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа №1 турбина пайдалануға берілді. Тозығы жеткен турбина бұған дейін 10 жыл бойы жарамсыз күйде тұрған. Оның орнына 3,2 миллиард теңгеге жаңасы сатып алынып, іске қосылды.


Қазіргі уақытта жылу электр орталығындағы өндіріс 46 МВт-ты құрайды. Жаңа турбинаның арқасында өндірілетін электр энергиясының қуаты 12 МВт-қа артады.

Айта кету керек, кейінгі екі жылдың өзінде жылу-энергетика саласын жаңғырту мақсатында бюджеттен 15,6 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Соған орай бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Атап айтқанда, насостық стансадағы тарату құрылғысы, градирня, жаңа қазандық, №2 және №5 жылу магистралін қайта жаңғырту, сондай-ақ Зашаған кентіндегі жаңа қазандықтың құрылысы жанданды.Ал мердігер мекеме өкілі бүгінгі іске қосқан жаңа турбина тұрғындарымызға берілетін электр энергиясының мөлшерін арттыруға ықпал етеді.

2035 жылға дейінгі аралықты қамтитын, 32 жобадан тұратын жол картасы бекітілген болатын. Онда қысқа мерзімді - жалпы құны 33,9 млрд теңгеге 6 жоба; орта мерзімді - 117,7 млрд теңгеге 12 жоба; ұзақ мерзімді - 135,1 млрд теңгеге 13 жоба қарастырылған.Қазіргі таңда қысқа мерзімде іске асырылуы тиіс жобалар дайын. Олар: Орал қаласы мен Зашаған кентіндегі №1 және №2 қазандықтардың жылу желілерін жаңарту, 6 және 7-жылу магистралдерін қайта құру, Құрылысшы және Солтүстік-Шығыс шағынаудандарындағы ішкі жылу желілерін ауыстыру жобалары. Сонымен қатар жылу электр орталығындағы №3 турбоагрегат, үш жылу магистралі мен үш энергетикалық қазандықты жаңарту жобалары да әзірленіп жатыр.

Все материалы размещенные на сайте tdk42.kz защищены авторским правом и являются собственностью телеканала ТДК-42. Любое копирование возможно с согласия редакции телеканала или с обязательным указанием гиперссылки на источник материала tdk42.kz