Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ БЕРЕШЕК ӨСКЕН

c 17:39, 28/04 c 2

Елімізде өз қызметкерлеріне жалақысын дер кезінде төлей алмай отырған кәсіпорындар мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Өткен жылы 200-ге жуық кәсіпорынның жұмысшылар алдындаығ берешегі 2,6 млрд теңгені құраса, биылғы жылдың сәуір айныдағы көрсеткіште 50 ұйым 1538 жұмысшыға 1 млрд 80 млн етңге қарыз болып отыр. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің дерегінше, жалақы қарызы көбінесе шаруашылық субьектілерінде тіркеледі. Айлығын дер көзінде бере алмай отырған кәсіпорындар Алматы, Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарында тіркелген.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ « Мысалы үй айда 1300 адамның құқығы бұзылғаны мәлім болды. 395 млн теңге жалақы қарызы ітркеліп отыр. 1200 жұмысшының құқығы қорғалып, қалғаны бойынша еңбек инспекторларымен жұмыс жүріп жатыр»

Ал форумда бас қосқан жұмыс берушілер жұмысшы құқығын қорғау міндетіміз деп сендіреді.

Сондай-ақ форумда еңбек қауіпсіздігі де сөз болды. Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,3%-ға, бұрынғыға қарағанда қаза тапқандар саны 2,9%-ға азайды. Халықаралық еңбек ұйымының деректері еңбекті қорғау саласындағы ауқымды проблемалардың барын көрсетеді. Әлемде жыл сайын 270 млн-ға жуық жазатайым оқиға және 2 млн-нан астам адамның өмірін қиған 160 млн кәсіптік ауру тіркеледі. Ал Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1400-ден астам жазатайым оқиға орын алып, оның 200-ге жуығы адам өлімімен аяқталады.Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында, құрылыста байқалады. Елімізде 470 мыңнан астам жұмыскер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.