Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АВТОРЛЫҚ ҚОҒАМДАР АҚША ЖЕП ЖАТЫР»

c 08:50, 26/04 c 1

Елдегі шығармашылық өкілдері авторлық қоғамдарға жем болып отыр едйді депутаттар. Заң жағынан сауатсыз болғандықтан, өз еңбегі арқылы пайда тапқысы келетіндердің құрбанына айналуда. Осы мәселен көтерген креативті индустрия өкілдері депутаттарға авторлық қоғамдарға қатысты шағымдарын жеткізген. Олардың айтуынша, Қазақстанда бәз біреулер өзгенің әндері арқылы миллиардтаған табыс тауып отыр, алайда олардың өнерге еш қатысы жоқ. Кейбір авторлық қауымдастықтар жергілікті әндердің пайдаланылуы үшін қомақты қаржы алып, авторлардың өздеріне тиісті үлесін дұрыс бермейді. Шығармашылық сала өкілдері кейбір авторлық ұйымдардың рэкетке ұқсас әрекеттеріне тап болғанын да айтады. Олар авторлық құқық саласын цифрландыруды ұсынып, бұл процесті ашық әрі әділ етуді талап етуде. Мәжілісмендер авторлық құқықты бұзып отырған қоғамдық ұйымдардың жұмысын реттеуді талап етті.

Әділет министрі де бұл заңсыздықтың барын мойныдап отыр. Ал оны реттейтін заңдық тетіктер жоқ көрінеді. Сол себепті алдағы күзде авторлық құқық бойынша заңнама ұсынылмақшы.

Шығармашылық сала сарапшыларының айтуынша, елде көбейіп кеткен авторлық қауымдастықтар қаржыны белсенді жинап жатқанымен, шын авторларға тиын-тебен ғана береді. Көптеген авторлық ұйымдардың өнер иелерінің заң жағынан сауатсыздығын пайдаланып, авторлар мен орындаушыларға тиесілі сыйақыны бермей, тонап отыр. Авторлық қоғамдардың есептеріне сәйкес, олар жыл сайын 1,5-2 миллиард теңге аралығында қаражат жинайды, бірақ оның 90%-ға жуығын әкімшілік шығындарға жұмсайды. Алайда заң бойынша олар бұдан әлдеқайда аз қаражатты ғана ұстап қалуға құқылы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.