Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай «Генералдар кеңесі» келді

c 17:38, 23/04 c 2

Жеңістің 80 жылдығына орай Жайық жеріне «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді. Бүгін олар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, бірқатар кездесулер өткізді.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай республика көлемінде түрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай 22 сәуір күні Батыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсекұлы бастаған «Генералдар кеңесі» арнайы сапармен келді.Делегация құрамында елге белгілі генерал-майорлар: Махамбет Мұстафа Қанапияұлы, Отарбаев Шаймурат Шәукетұлы, Сералиев Әлібек Болатович, Битимов Өміртай Макашұлы және Рахимжанов Төлеген Шаймерденұлы бар. Салтанатты шара барысында генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсекұлы БҚО Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовті Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің естелік төсбелгісімен марапаттады.
Бұдан соң Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамының қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ерлік пен батырлықтың символына айналған боздақтар рухына тағзым етілді.Шара соңында Полиция департаментінің жеке құрамы сап түзеп, салтанатты түрде жүріп өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.